Материалы за Июнь 2024 года » Страница 5 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Июнь 2024 года » Страница 5
«Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде»
05
июнь
2024
«Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде»
«АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ДЕКАДАСЫ Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушыларына медбике Жәудір Юсупбаева «Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде» тақырыбында өмір қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Рәміздерім–елдігімнің реңі, Теңдігімнің-тірегі»
05
июнь
2024
«Рәміздерім–елдігімнің реңі, Теңдігімнің-тірегі»
РӘМІЗДЕР КҮНІ  Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары арасында «Рәміздерім–елдігімнің реңі, Теңдігімнің-тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты, оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
МЕКТЕП ТАРИХЫ
04
июнь
2024
МЕКТЕП ТАРИХЫ
Общеобразовательная школа №68нің тарихы туралы Общеобразовательная школа №68 Управления образования города Шымкент: ОҚО, Шымкент қаласы Азат м/а Е.Спатаев к.80А мекен-жайында 1992 жылы 115 бала, 6 сыныппен «№68 бастауыш сынып мектебі» болып ашылды. Мектеп директоры: Рустемов Мақсат. 2002 жылы Ақжол 89 көшесінде қосымша ғимарат соғылып, «№68 негізгі орта мектеп» болып ашылды. Мектеп директоры: Нурбекова Клара Қасымхановна 2010 жылы Азат м/а Аққанат 33а мекен-жайына жаңа 550 орынға
«ДЕНСАУЛЫҚ ЛИГАСЫ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
04
июнь
2024
«ДЕНСАУЛЫҚ ЛИГАСЫ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
«ДЕНСАУЛЫҚ ЛИГАСЫ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ  “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы «Алтын балалық шақ» декадасы аясында «Балаларды махаббатпен қорғайық!» ұранымен мектеп жанындағы «БАЛДӘУРЕН»  жазғы сауықтыру алаңының демалушылары арасында «Денсаулық лигасы» атты таза ауада эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыста түрлі спорттық және ұлттық ойындар ойнатылды. Мақсаты: белсенді өмір салтын сақтау, таза ауада спорттық ойындар ойнау арқылы интернетсіз күн өткізу.
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
03
июнь
2024
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ДЕКАДАСЫ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Сенің қуанышқа толы демалысың» гайдбугін әрбір оқушыға түрлі түсті қағаз форматта табиғат аясында таратып, сынып жетекшілері түсіндіріп өтті. Мақсаты: оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу, жол ережесін және өмір қауіпсіздігін сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
«Жер-2024 республикалық КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ оқу-жаттығуы”
03
июнь
2024
«Жер-2024 республикалық КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ оқу-жаттығуы”
«Жер-2024 республикалық КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ оқу-жаттығуы” өткізілді Общеобразовательная школа №68нде «Жер-2024 республикалық КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ оқу-жаттығуы” өткізілді. Жаттығу эвакуациялау жинақтау пунктінің жұмыстарын жайып көрсету түрінде жүргізілді.
“1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ”
01
июнь
2024
“1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ”
“1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ” Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Баласының бақытты балалық шағы, жақсы азамат болып өсуі әр ата-ананың тілегі. Осыған орай №68 мектебіміздің жүрегі оқушыларымыздың мерекесі құтты болсын! Жас ұрпақ, жас буын, жасөспірімдеріміз аман болсын. Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Педагог-психолог Жұмахметова Г.А Социальный педагог
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
01
июнь
2024
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ДЕКАДАСЫ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «1 июнь - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары «Әлем бала көзімен» тақырыбында  асфальтке сурет салды.
Назад 1 2 3 4 5 Вперед