Материалы за Сентябрь 2024 года » Страница 3 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Сентябрь 2024 года » Страница 3
"Ерекше білімді қажет ететін"
18
сентябрь
2024
"Ерекше білімді қажет ететін"
Мектеп директоры Г.А.Пржанова, МДОІЖО Г.М.Нахипова, мұғалім - логопедтер Р.Е.Ашықбаева мен Ғ.П.Сагинбекова, психологтар Г.Шынтаева мен Г.Жұмахметова, Дефектолог К.Жолдасова мектеп мұғалімдеріне "Ерекше білімді қажет ететін" балаларды оқытудың бірнеше жолдары мен әдістерін қолдана отырып, баланың өмірге деген қызығушылығын ояту, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«МАҚСАТЫҢДЫ АЙҚЫНДА!» ТАҚЫРЫБЫНДА  ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
17
сентябрь
2024
«МАҚСАТЫҢДЫ АЙҚЫНДА!» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
«МАҚСАТЫҢДЫ АЙҚЫНДА!» ТАҚЫРЫБЫНДА  ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп директоры Г.А.Пржанова бітіруші  сынып  оқушыларына “Мақсатыңды айқында!” атты тренинг жұмысын жүргізді.  Мақсаты: оқушыларға өмірде адамнан асқан  құндылық  жоқ екендігін түсіндіру, өз бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін  анықтай  отырып, өзін-өзі реттеуге, сабырлы  болуға бейімдеу. Өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік  салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына  көмек беру.
“ӘДЕПТІ БАЛА - АРЛЫ БАЛА” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЛДАР КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ.
17
сентябрь
2024
“ӘДЕПТІ БАЛА - АРЛЫ БАЛА” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЛДАР КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ.
“ӘДЕПТІ БАЛА - АРЛЫ БАЛА” ТАҚЫРЫБЫНДА ҰЛДАР КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ. Мектебімізде 8-11 сыныптарының ұлдарына арналған “Өнеге” клубының жоспарға сәйкес алғашқы отырысы өткізілді.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша “Әдепті бала-арлы бала” тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Альжанов баяндама жасап, Біртұтас тәрбие бағдарламасымен ұштастырып әдеп сабағын жүргізсе, тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев “Сәлем - сөздің анасы” тақырыбында сәлемдесу әдебі туралы әдеп-ғұрыптан әңгіме-кеңес
Асхана
17
сентябрь
2024
Асхана
Общеобразовательная школа №68нің бракераж комиссиясының мүшелері оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасына, асхананың тазалығына, жүргізіліп жатқан жұмыстарына зерделеу жүргізді. Ыстық тамақтың сапасы мен берілуі үнемі комиссия мүшелерінің бақылауында.
”МЕКТЕП АСХАНАСЫ ”
17
сентябрь
2024
”МЕКТЕП АСХАНАСЫ ”
”МЕКТЕП АСХАНАСЫ ” № 68 жалпы орта білім беретін мектебіміздің медбикесі С.Оспанова күнделікті тамақтың сапасын тексеріп, ас мәзірмен сәйкестігін, асхана тазалығын, тағамның өлшемі мен дайындау технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай болуын қадағалап отырады. Күнделікті дайындалған тағам ас мәзірімен сәйкес келеді.  Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
12
сентябрь
2024
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"  Мектебіміздің денешынықтыру пәні мұғалімдері А.Есиркеповпен Ә.Тілеулер 2024-2025 оқу жылының күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Ұлттық мектеп лига» жарыстарының мектепішілік кезеңін ұйымдастыра отырып, ағымдағы жылдың  сентябрь-октябрь айлары аралығында, жас ерекшелігі бойынша спорттың футбол түрінен 9-11 сыныптар арасында жарыс өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын 11 “А”, 2-орын 11 “В”, 3-орын 9 “А” иеленіп, жарысты  қызықты және тартысты өткізді.
“Ел болашағы білімді ұрпақ”
10
сентябрь
2024
“Ел болашағы білімді ұрпақ”
2024-2025 оқу жылы қарсаңында мектебіміздің ұстаздарын кеңсе заттарымен қамтамасыз етті. “Ел болашағы білімді ұрпақ” демекші, бар күш жігерімізді өскелең ұрпаққа жұмсайық. Осы оқу жылында ұстаздарымызға толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз.
Тоғызқұмалақ
09
сентябрь
2024
Тоғызқұмалақ
Управления образования Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы 28  августдағы №3-05-4/5909-И хатына сәйкес, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде ағымдағы жылдың 9 сентябрь күніі сағат 9:00-10:00 аралығында  спорттың тоғызқұмалақтан блиц  түрі өткізілді.
5 ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
05
сентябрь
2024
5 ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
5 ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ  5 сентябрь – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні сентябрьтің бесінші жұлдызында мерекеленеді. Осы айтулы күнге орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «5 сентябрь – Қазақстан халқы тілдері күні» атты іс-шарасы өтті. Шара барысында оқушылар қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 130 ЖЫЛ
05
сентябрь
2024
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 130 ЖЫЛ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 130 ЖЫЛ Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің хаты негізінде, «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында, қазақтың біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай, 8-11 сыныптарынан «Тұрар Рысқұлов-тарихи тұлға» тақырыбында ашық диктант алынды. Диктанттың мақсаты, Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.