«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
Общеобразовательная школа №68нде өткен «Кітап оқитын әулет» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау нәтижесі бойынша Дүйсенбаевтар әулеті үздік деп танылып, І орынға ие болды. Аталған әулетке аудандық кезеңге жолдама берілді. Байқаудың мақсаты – отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Дүйсенбаевтар әулетін яғни Дүйсенбаева Нұртілес, Орунбаева Гүлнұр, Әмірқұл Кәусарды жеңістерімен