10
октябрь
2025
"Озық ойлы Абайтанушы"
Қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арнап, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Озық ойлы Абайтанушы" атты білгірлер сайысын өткізді. Сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Топтан оза шауып келген оқушылар мектеп директорының 1-орын 9 "А" сынып "Қара сөз қаһармандары" тобы, 2-орын 9 "Б" сынып "Абай үні" тобы, 3-орын 9 "Д" "Талап,еңбек, терең ой " тобы жүлделі алғыс хатымен марапатталды.
Мақсаты:
- Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу
- оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.