17
октябрь
2025
«Білім бастауы бастауышта»
Мектебімізде қалалалық «Білім бастауы бастауышта» тақырыбында бастауыш сыныптар онкүндігінің өтуіне орай 17.10.2025ж. күні 1 “В” сынып жетекшісі М.К.Килыбаева әліппе пәнінен «Дд дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім жаңаша әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тақырыпты меңгеруде өз деңгейіне жеткізе білді.
“Домбыра” әдісімен сабақты пысықтады, жаңа сабақты ЖИ арқылы қойылған суретті, мәтінді сөйлетіп түсіндірді. Топтық жұмыстар мен жұптық тапсырмалар арқылы оқушыларды қызықтыра білді. Сабаққа қатысушы ұстаздар оң пікірлерін айтып, жұмыстарға қызықты. Ұлттық құндылыққа негізделген бағалау мен домбыра рефлексиясы қатты ұнады.