«Құт пен кемелдік жолы» » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» » «Құт пен кемелдік жолы»
12
ноябрь
2025

«Құт пен кемелдік жолы»

   Рухани сабақ, парасатты пікір, даналықтан дән алған күн!
Мектебімізде түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіпбек Баласағұнның «Құтты білік» дастанына арналған «Құт пен кемелдік жолы» атты әдеби сыр-сұхбат өткізілді.
 Дөңгелек үстелдің мақсаты – түркі әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік пен ізгілік, әділдік пен парасаттылық, білім мен кемелдікке бастайтын өмірлік қағидаларды ұғыну, сондай-ақ оқушыларды ұлттық рухани мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.Сұхбат барысында оқушылар ұлы ойшыл Жүсіпбек Баласағұнның өмір жолына, ғылыми және әдеби еңбектеріне тоқталып, оның түркі өркениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Дастанның әр тарауы терең талданып, ондағы білімнің қадірі, әділ басшының бейнесі, ақыл мен ізеттің мәні жайлы ойлар ортаға салынды. Шара барысында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, «Құтты білік» ілімінің қазіргі заманмен байланысын, оның жастарға берер өнегесін айқындады. Оқушылар Жүсіпбек Баласағұнның өмірі мен «Құтты білік» дастаны туралы ойларын ортаға салды. Әр пікір – даналыққа бір қадам.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив