«Таза Қазақстан» » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
11
декабрь
2025

«Таза Қазақстан»

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының 2025жылғы 24 ноябрьдағы №23-04-05\1402 хатына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына орындау мақсатында  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Общеобразовательная школа №68 "Таза қала – таза мектеп-таза сынып" атты экологиялық іс-шара жүргізілді. 
Мақсаты: Қазіргі заманда экологиялық тәрбие – әрбір азаматтың бойына табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сіңірудің маңызды жолы.  
Тазалық – тәртіп пен мәдениеттіліктің айнасы. Қала мен мектеп аумағын таза ұстау – әрбір адамның, әрбір оқушының азаматтық борышы. Қоқысты бей-берекет тастамау, жасыл желектерді қорғау, суды үнемдеу – бәрі де қоршаған ортаны сақтауға қосылған үлес.
Мектеп – тәрбиенің негізі қаланатын орда. Мұнда тазалық сақталса, ол оқушының бойына бала кезден сіңеді. Ал бұл әдет ертеңгі күні үлкен қоғамның мәдениетті, жауапты мүшесін қалыптастырады.
Сондықтан:
- Мектеп пен үйдің ауласын таза ұстау;
- Қоқысты сұрыптау;
- Табиғатты қорғау шараларына белсене қатысу – бәрімізге ортақ міндет.
Таза мектеп – жарқын болашақтың кепілі,  
Таза қала – өміріміздің айнасы!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив