«Қауіпсіздік сабағы» » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
29
январь
2026

«Қауіпсіздік сабағы»

  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде  Шымкент қаласының  жас жол инспекторларының қатысуымен «Қауіпсіздік сабағы» тақырыбында танымдық тренинг сабағы өтті. Іс-шара жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттауға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Тренинг барысында оқушыларға жолда өзін-өзі ұстау тәртібі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және жол белгілерінің маңызы түсіндіріліп, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдері бекітілді. Жас жол инспекторлары жоғары белсенділік танытып, ұйымшылдық көрсетті.

Іс-шараға Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Бейсенбаев Нұржігіт Жанәділұлы мен қоғам белсендісі Ameer kz қатысты. Қонақтар жасөспірімдермен ашық пікір алмасып, олардың бастамаларына қолдау білдірді.

Тренинг қорытындысы бойынша оқушылар белсенділігі үшін марапатталды. Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив