АКТЁРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
21
май
2024

АКТЁРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

АКТЁРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Мектебімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сәйкес жастарды ынталандыру және кәсіби бағыттау мақсатында «Жүрегім қазақ» атты кездесу өтті. Кездесуге Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актерлері Дариев Махметалы, Абдухаликов Бақытжан қонақ болып келді. Ширек ғасырдан бері сахнаның сәнін келтіріп, түрлі кейіпкерлерді сомдап жүрген актерлердің жастарға берері де, айтары да мол болды. 
Театр – сіз бен бізге беймәлім сырлы әлем. Ал актерлер сол әлемнің жұмбақ кейіпкерлері іспеттес. Олардың өмірі мен өнері әрбір көрерменге қызық. Әсіресе болашақта өнер саласына бет бұрып, өмірін өнермен байланыстыруды қалайтын оқушылар үшін бұл кездесу ерек болды. Бүгінгі кездесу барысында сахна саласының саңлақтары актерлік өнер, театр саласына қатысты білгендерін ортаға салды. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив