08
сентябрь
2025
Тілдер тоғысқан мереке» атты онкүндік бастау алды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан халқы тілдері күніне орай дәстүрлі «Тілдер тоғысқан мереке» атты онкүндік бастау алды.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Абдуллаева, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Балажанова және ағылшын тілі пән мұғалімі Ғ.Дауылбаевпен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Онкүндіктің алғашқы күнінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының темірқазығы» атты әдеби кеш өтті. Бұл кештің мақсаты – тілдің құдіретін насихаттау, жас ұрпаққа мемлекеттік тілді құрметтеуді, өзге тілдерге де сыйластықпен қарауды үйрету.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Ана тілі – әр адамның болмысы мен рухани байлығының қайнар көзі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру арқылы өркениетке қадам басу – жас ұрпақ үшін басты міндеттердің бірі. Көп тіл білу – болашаққа ашылған кең жол, ал ана тілін ардақтау – ұлттың мәңгілігінің кепілі.