"Білім бастауы-бастауышта" » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» » "Білім бастауы-бастауышта"
10
октябрь
2025

"Білім бастауы-бастауышта"

   10.10.2025 күні мектебімізде қалалық "Білім бастауы-бастауышта" тақырыбында бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндіктің ашылу салтанатты жиынына мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Онкүндіктің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесін насихаттау және оқу-тәрбие процесін дамыту.
Ашылу салтанаты мектептің фоесінде ұйымдастырылды. Жиынды әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.А.Абуова құттықтау сөзімен бастап, онкүндіктің маңыздылығына атап өтті. Шараны жүргізуші Г.Коккузова мен А.Шапашовалар оқушылар тарапынан тақпақтар, көркем сөз, ән мен би, викториналық сұрақтар ұйымдастырып, бағдарлама ұсынды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.А.Альжанов құттықтау сөз сөйлеп, онкүндікке сәттілік тіледі. Сонымен қатар, онкүндіктің негізгі бағыттары мен алдағы өтетін іс-шаралар мазмұны баяндалды. Онкүндіктің ашылуынан соң оқушылардың өз қолдарынан шыққан "Алтын күз" көрмесін тамашалады. Ата-аналар тарапынан да қолдау байқалды. "Алтын күз" көрмесі жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны байқалды. Жалпы, онкүндіктің ашылу салтанаты жоспарға сай, ұйымшылдықпен өтті. Алдағы уақытта онкүндік барысында өтілетін іс-шаралар бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттырып, ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдайды деген сенімдеміз.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив