26
февраль
2026
"Саналы жастардан — саналы ой"
Общеобразовательная школа №68нде "Саналы жастар" жобасы аясында 5-7 сынып оқушыларынан құрылған командалар арасында "Саналы жастардан — саналы ой" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Оқушылар сыни ойлауға арналған сұрақтарға жауап беріп, қызықты логикалық есептер шығарды. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығы мен зейінін ашуға және сыни ойлау дағдыларын дамытуға үлес қосады. Ойын барысында балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары екені байқалды.



