«Әз Март құтты болсын!» » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
19
март
2026

«Әз Март құтты болсын!»

   2026 жылдың 18.03. күні Общеобразовательная школа №68нің 2"А"-сынып жетекшісі Абуова Г.Ж. оқушылармен «Әз Март құтты болсын!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

«Әз-Март құтты болсын» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Март мерекесінің мән-маңызын, тарихын және ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру. Бұл тәрбие сағаты арқылы оқушылар қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге, бірлікке, татулыққа, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиеленеді.

Сабақ барысында оқушыларға Март мейрамының шығу тарихы, оның табиғатпен байланысы, жаңару мен жаңғырудың белгісі екені түсіндірілді. Оқушылар Март тақырыбында суреттер салып, ұлттық ойындар ойнап, өлең шумақтарын оқып, би биледі. Сонымен қатар ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер (көрісу, бата беру, март көже дайындау) насихатталып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері  дамытылды.

Тәрбие сағатының нәтижесінде - оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі артып, халқымыздың дәстүрін дәріптеп,  рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив