Мероприятие » Страница 46 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
04
апрель
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2 апрель Халықаралық балалар кітабы күні және балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай, 4«Д» сынып оқушылары арасында "Кітап даналықтың данасы" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында автордың шығармасынан библиографиялық шолу жасалынып, кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптің адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіре отырып, оқырмандарға
«МІНЕЗ КӨҢІЛДІҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
28
март
2023
«МІНЕЗ КӨҢІЛДІҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
  Педагог-психолог Г.М.Шынтаева 7«Ғ» сынып  оқушыларына «Мінез көңілдің айнасы» тақырыбында тренинг  жұмысын  жүргізді. Педагог-психолог адамның мінезі мен көңіл-күйі туралы түсінік бере отырып, оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастырып, көңіл-күйін  жағымды арнаға түсіруге баулып, қарым-қатынастың белсенді стилін дамытуды мақсат етті.  
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.
20
март
2023
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.
«ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ, БАСЫ БОЛСЫН ЫРЫСТЫҢ» мерекелік іс-шара.       Март – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.        Март – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Март мерекесі -  барлық жақсылығымен келсін!
"АРУЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
13
март
2023
"АРУЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
    5"Ә" сынып жетекшісі Ускенбаева Гулназира Оразбекқызы сынып оқушыларымен "Арулар-асыл жандар" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар іс шара барысында 8-Март Халықаралық  әйелдер мерекесімен құттықтап, анаға деген ыстық ықыластарын білдірді. Мақсаты, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеп, қазіргі қоғамдағы әйел-ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру. Халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.
"ҚЫЗ ЕРКЕМ, МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ" АТТЫ ӘЖЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
11
март
2023
"ҚЫЗ ЕРКЕМ, МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ" АТТЫ ӘЖЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
     «Қыз еркем, мінезімен көркем» атты "Қыз Жібек" ұйымы мен  әжелер арасында кезекті қыздар жиналысы болып өтті. Тәрбиесі жақсы, жан-жақты оқушылардың ата-аналары алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: болашақ қыздарымыздың  тәрбиелі, өнерлі болып , анасына қолғанат, инабатты, ибалы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтейтін, көргенді, қайтпас қайсар қыздарды тәрбиелеп, қыз бен ана арасындағы парасатты тәрбиені насихаттау.
"АНАЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
10
март
2023
"АНАЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР"
     10«А» сынып жетекшісі Өмірбаева Айгул Абдуллақызы сынып оқушыларымен  "Аналар-асыл жандар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар іс-шара барысында 8 март – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, Анаға деген ыстық лебіздерін білдірді. Мақсаты, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, инабаттылық, өзін-өзі көпшілік ортада ұстау сияқты жақсы қасиеттерді балалардың бойына сіңіру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
"АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
07
март
2023
"АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
      Бастауыш сынып мұғалімі Коккузова Гулжамила Абитаевна 1 "Б" сынып оқушыларымен «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» деп аталатын ертеңгілігін өтті. Ертеңгілік барысында сынып оқушылары «Ана, ата, әже» тақырыптарында өлең шумақтарын жатқа айтып, бірнеше әндер орындады. «Әжесі мен Бағлан», «Анасы мен қызы», «Қарт пен бала» атты сахналық көріністер қойылды. Балалар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі-аналар екенін, сондай-ақ аналардың анасы, өмір ұстазы, мейірім нұрын
“МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ” АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
06
март
2023
“МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ” АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
           Мектебіміздің педагог - психологы Г.М.Шынтаева және 7«Г» сынып жетекшісі Г.Орынбаева оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты: сыныптың ұйымшылдығын арттырып, топпен жұмыс жасауға бейімдеу. Оқушылардың бойына  жақсы мінез-құлықты сіңіртіп, өз ортасын сыйлап, құрметпен қарауға, өз ойын жеткізуге бейімдеу және бір-біріне деген жанашырлықты қалыптастыру.
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
01
март
2023
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
  Бүгінгі көктемнің алғашқы күні - мейірім мен жылулық, сыйластық бастауына  айналған "Алғыс айту" күнінде  баршаңызға  алғыс айавгуст! Еліміз тыныш, тұғырымыз биік болсын!