Мероприятие » Страница 57 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
«БАЛАНЫҢ  БАС  ҰСТАЗЫ — АТА-АНА»  ТРЕНИНГІ
09
ноябрь
2022
«БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ — АТА-АНА» ТРЕНИНГІ
  №68  ЖОББМ директоры  Г.А.Пржанова 8-11 сынып   оқушыларымен «Баланың  бас ұстазы  ата-ана» тренингін жүргізді. Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.  
«ҒАЛАМАТ  ҒАСЫР  ЖАСТАРЫ» тренинг
08
ноябрь
2022
«ҒАЛАМАТ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ» тренинг
   Мектеп директоры Г.А.Пржанова мен мектеп психологы Г.М.Шынтаева 8-9 сынып оқушыларымен «Ғаламат ғасыр жастары» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: оқушылардың мінез-құлқында  жасырын  қырларын  танып білуге және басқаруға, қадағалау, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Тренинг  барысында «Есік» жаттығуы, «Егер мен супер қаhарман болсам......» әдістемесі, «Импульс» ойыны және «геометриялық фигура» әдістемесі арқылы өздеріне сәйкес мамандықтарын таңдады. Тренинг соңында оқушылар алған жақсы
"ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ" АТТЫ ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
08
ноябрь
2022
"ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ" АТТЫ ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
 "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп кітапханасында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына ертегілер әлеміне саяхат ұйымдастырылды. Кітапханаға жаңа келіп түскен түрлі-түсті суретті қазақ ертегілері мен шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған ертегілері оқушылар арасында қызығушылық оятты. Іс-шара соңында оқушылар өздері үнатқан ертегілерді оқу үшін  арнайы алды. Оқушылар келешекте кітапхананың үздік оқырмандары болуына кәміл сенімдеміз.    
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
07
ноябрь
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
   "Білектей арқасында өрген бұрым,  Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...",-деп Абай аавгуст жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге көбіміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
07
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  Күзгі каникул кезінде кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және 7 «б» сынып жетекшісі Ергешев Асан оқушыларымен  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқу-отбасылық дәстүр" атты шара өткізді. Мектеп кітапханасында М.Әуезовтың "КӨКСЕРЕК" атты кітабын оқып, талдау жасап, оқушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге оқушыларды ата-аналарымен біріге отырып кітап оқуға шақырды.    
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
05
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Oқуға құштар мектеп» жобасы бойынша күзгі демалыс кезінде  6«В» сынып оқушылары, жетекшісі Г.Акилова мектеп кітапханасының қорынан Зира Мартбай мен Лиля Калаустың «Бату мен достарының жұлдыздар елі Айдалаға саяхаты» атты кітабын оқып талқылады. Аталған туындылар - нағыз достық, сенім туралы кітаптар. Ол балаларға ғана емес, үлкендергеде қызықты болды. Оқушылар оқыған кітаптан керемет әсер алып, ертегі оқып қана қоймай тарихи деректерден хабардар болғанын айтты.
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
26
октябрь
2022
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу" жалғасын табуда. 2 "Д" сынып оқушылары, жетекшісі Л.Абенова балаларға арналған ертегі кітабын оқып, Мысық, тышқан және ит ертегісін талқылады. Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сомдап, диалог құрды.
"Бірлігі жарасқан Қазақстан!"
25
октябрь
2022
"Бірлігі жарасқан Қазақстан!"
 5«Ә» сынып жетекшісі Г.Ускенбаева оқушыларымен 25 октябрь Республика күніне орай "Бірлігі жарасқан Қазақстан!" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар Отанға деген ыстық ықыластарын, сүйіспеншілігін өлең шумақтары арқылы жеткізді.
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
22
октябрь
2022
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы "Кел кітап оқимыз!" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан "20 минуттық кітап оқу" сағаты бойынша 2«Б» сынып оқушылары жетекшісі Қ.Оразова, «Өнердің күші» ертегісін, 2«Ә» сынып оқушылары жетекшісі Л.Орынбаева «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып, талқылады. Балалар ертегілер қамқор, мейірімді, адал болуға шақырады деп өз ойларын  ортаға тастады. Әрине, кітап оқу балалардың ой-өрісінің кеңеюіне зор үлес қосары анық.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
22
октябрь
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
   "25 октябрь Руспублика күніне" орай 6"Г" сынып жетекшісі Г.И.Анасова сыныбымен "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар ұлттық рухымен патриоттық сезімін, еліне, жеріне, ұлтына, отанына деген сүйіспеншілігін сурет салу арқылы жеткізді.