20
март
2026
Аттестация – кәсіби өсу кезеңі: Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде 18 март күні Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы аясында біліктілігін арттыру мақсатында аттестациядан өтетін педагогтерге арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ӨТКІЗІЛДІ.
Жиналыстың басты мақсаты:
Аттестациядан өтуші мұғалімдердің кәсіби портфолиосын жинақтауға, олардың төл туындылары мен әдістемелік әзірлемелерін жүйелеуге және мектепішілік көлемде таратуға бағыт-бағдар беру.
Жиын барысында:
🔹 Әдістемелік кеңес мүшелері әр мұғалімнің жинақтаған іс-тәжірибесіне сараптама жасап, оларды сауатты рәсімдеуге кеңес берді;
🔹 Педагогтердің авторлық бағдарламалары мен сабақтар жинағын мектепішілік деңгейде тарату бойынша нақты шешімдер қабылданды;
🔹 Портфолио толтырудағы қиындықтар талқыланып, әр мұғалімге жеке-дара әдістемелік қолдау көрсетілді.
Бұл шара ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігін арттырып, аттестация кезеңінен сәтті өтуіне үлкен көмек болмақ.