О нас » Страница 18 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"ЕРЛІК-ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ.  БАС ЖҮЛДЕ ГРАН-ПРИ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
09
февраль
2023
"ЕРЛІК-ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ. БАС ЖҮЛДЕ ГРАН-ПРИ
     "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, "Жас сарбаз" сынып тәрбиеленушілері арасында "Ерлік-ұрпақ ұраны" атты әскери-спорттық байқауы өтті. Байқауға Общеобразовательная школа №68 қатысып, жүлделі Гран - При иегері атанды. АӘТД жетекшісі А.Иманқұлов өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жеткен
"ЖҮРЕГІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БИБІ-АНА"
30
январь
2023
"ЖҮРЕГІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БИБІ-АНА"
   Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткізілген жазушы Бибігүл Иманғазинаның туылғанына 80 жыл толуына орай «Жүрегі мейірімге толы Бибі-Ана» атты іс-шарасына белсене қатысқаны үшін Общеобразовательная школа №68нің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанысбекова Айнұр және оқушылары Аллақұл Әсия,  Құрманбек Нұрислам, Сәрсен Аружан, Пердебек Көркем алғыс хаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
27
январь
2023
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
  Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату үшін және фонематикалық қателікті түзету мақсатында педагог логопед маманы Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
"РИЗАШЫЛЫҚ-БІЛІМ БҰЛАҒЫ"
25
январь
2023
"РИЗАШЫЛЫҚ-БІЛІМ БҰЛАҒЫ"
 Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің "Алғыс айту" күніне арналған "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасы аясында өткізілген Ұлттық пікірсайыс турнирінен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нің оқушылары Есенбаев Тілеухан, Раушанбек Марал, орыс лигасынан Орынбасар Әсия, Тулемет Саниралар аудандық кезеңге жолдама алды.
"Жас құтқарушылар"
24
январь
2023
"Жас құтқарушылар"
7«Ғ» сынып жетекшісі А.Есіркепов "Жас құтқарушылар" тобынан құрылған оқушыларымен үйірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында кермеде тартылу, Ак-74 шашып-жинау, пресс жасау, верпи, оққағар шашып-жинау, ОЗК кию сияқты жаттығулар жасап, Отан қорғауға деген дайындықтарын көрсетті.
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС»
21
январь
2023
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС»
     2023 жылғы 20 январь күні жалпы қалалық білім ұйымдарында ZOOM бағдарламасы арқылы тікелей басқарма басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының төрағалығымен қалалық педагогикалық кеңес өткізілді.       Мектебіміздің педагог қызметкерлері де бұл пед кеңеске қатысып, басқарма басшысының бастамаларын қолдайтындығын білдірді.
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
04
январь
2023
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
      Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Сырлы сөз» жас сахна жүргізушілері байқауына ерекше қабілеті мен жоғары бейімділігін танытқаны үшін Общеобразовательная школа №68нің 8«Ә» сынып оқушысы Қолқанат Алтынай және 9«А» сынып оқушысы Али Жандаулет III орын иеленіп, мадақтамамен марапатталса, жетекшісі Омирбаева Айгул ұстаздық жолында шеберлігі мен біліктілігін
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
29
декабрь
2022
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі, Шымкент қаласы, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде Общеобразовательная школа №68нің оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Наширов Денис 2-дәрежелі, Үмбет Несібелі 2-дәрежелі, Ақылбек Қаракөз 3-дәрежелі, Абдукалик Жасмин 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Берше Айсу
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
29
декабрь
2022
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
  Ұжымымыздың тәжірибелі маманы Тлепов Мақсат Сапарұлы өнегелі еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды! Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
Жаңа жыл құтты болсын!
29
декабрь
2022
Жаңа жыл құтты болсын!
Мектеп директоры Г.А.Пржанова ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, сыйлықтар табыстады.