Школьникам » Страница 19 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"BRITISH BULLDOG"
22
февраль
2024
"BRITISH BULLDOG"
"ДАРЫН ЛЭНД" интеллектуалдық орталығы ұйымдастыруымен "BRITISH BULLDOG" онлайн олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қатысқан Общеобразовательная школа №68нің  4“А” сынып оқушысы Спандияр Бикелді және 4"Ә" сынып оқушысы Хорошийлық Жеңіс І орын иеленіп, дипломдармен марапатталса, ағылшын тілі пәні жетекшісі Ергешев Асан Жаксиликович алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»
22
февраль
2024
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп директоры Г.А.Пржанова, педагог - психолог Г.М.Шынтаева 9 «А» сынып  оқушыларына  «Сәтті қарым-қатынас» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: оқушылардың  кез-келген жағдайда сәтті қарым-қатынасты сақтауға ұмтылу, жақсы  қарым-қатынастың бастауы әрбір адамның  өзінен  басталатынын түсіндіру.
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ"
21
февраль
2024
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ"
"КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ “Білім беру процесіне қатысушылар арасында деструктивті көріністердің алдын алу” тақырыбында “Психологиялық онкүндігі” аясында, мектебімізде педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова оқушыларға “Көңіл көкжиегі” тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингте оқушылармен “Қызықты сурет”, “Жүргек поезд”, “Достық тілек” жаттығулары мен әдістемелері жүргізіліп “Кірпі” бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар қызығушылықпен қатысып өз ойларымен бөлісті.
«Дарын»
21
февраль
2024
«Дарын»
Шымкент қаласының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан Общеобразовательная школа №68нің оқушысы Туктамұрат Амина III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Достаева Ханзат.
"ТӘТТІ  АРМАНДАР  ҚОБДИШАСЫ"
21
февраль
2024
"ТӘТТІ АРМАНДАР ҚОБДИШАСЫ"
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК АПТАЛЫҒЫ  АЯСЫНДА "ТӘТТІ  АРМАНДАР  ҚОБДИШАСЫ" АКЦИЯСЫ Мектеп психологы Г.М.Шынтаева және  педагог ассистент Д.С.Умирзакова  оқушылар арасында "Тәтті  армандар  қобдишасы" акциясын жүргізді.
"URKER MITEC"
19
февраль
2024
"URKER MITEC"
"URKER MITEC" Республикалық Бастау (логика 2-сынып) олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қатысқан Общеобразовательная школа №68нің 2“Г” сынып оқушылары Қалдыкемпір Ақберен, Айтжан Алинұр, Жумарт Бурхан, Қалдыбай Диана, Өтеген Елнұр, Исраил Арсен, Сайлаубек Нұрислам, Жамбылбек Қарақат, Мұхаметжан Тәуекелдер II орын дипломдарымен марапатталса, сынып жетекшісі Жанысбекқызы Меруерт алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
«KidsСтарт»
19
февраль
2024
«KidsСтарт»
«Білім педагогикалық шығармашылық орталығы» мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен I Республикалық «KidsСтарт» 1-4 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қатысқан Общеобразовательная школа №68нің  2 “Г” сынып оқушылары  Ақжол Ержігіт, Жәнібек Нұрсұлтан, Дауылбек Асылзат, Өтеген Елнұр, Нарбек Сұңқар, Сайлаубек Нұрислам, Айтжан Алинұр қазақ тілі мен математика пәндері бойынша I дәрежелі дипломдармен, ал Бекдилла Еркеназ сертификатпен
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"
17
февраль
2024
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ  Химия пәні мұғалімі Д.Асанбаева мен биология пәні мұғалімі Л.Нұрпейісова 8«Ғ» жас сарбаз сынып оқушыларына химия-биология пәні бойынша "XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" интелектуалды сайыс сабақ өткізді. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Тәтіш Асылайым иеленсе, 2-орынды Алдаберген Аяна, 3-орынды Ержанқызы Назилат иеленіп алға шықты. Жеңіске жеткен оқушылар  мектеп директоры Г.А.Пржанованың мадақтамасымен марапатталды.
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ
16
февраль
2024
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ
БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Абдрашова және қазақ тілі пәні мұғалімі А.Жанысбекова 7 «А» "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларымен Ұлы Отан соғысында қанды қырғынға қатысып, батылдық пен ерліктің үлгісі бола білген Әлия Молдағұлова мен Рақымжан Қошқарбаев туралы "БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ" тақырыбында танымдық сайыс сабағын өткізді. Мақсаты: оқушыларға Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Отанға деген
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
16
февраль
2024
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА "Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт" республикалық жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнур Абилдаева 5«Г» "Жас сарбаз" сынып  оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы негізінде «Сыныбымызбен кітап оқимыз» атты челлендж ұйымдастырды. Мақсаты: хикаят бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, өз көз-қарасын жүйелі талдауға үйрету, оқушының ойын қорыта білуге, өз бетімен іздене білуге бағыттау, оқушының ой өрісімен