Оқушыларға - №68 жалпы орта білім беретін мектебі https://68.shymkent-mektebi.kz/ ru Оқушыларға - №68 жалпы орта білім беретін мектебі DataLife Engine ” Жақсы сөз-жарым ырыс” https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/2138--zhasy-sz-zharym-yrys.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/2138--zhasy-sz-zharym-yrys.html     Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Г. Пржанова мен педагог-психологы Г.Жұмахметова ” Жақсы сөз-жарым ырыс” тақырыбында 11 “Б” сынып оқушылары арналған психологиялық тренинг өткізді. 
Тренинг мақсаты: жақсы сөз -жарым ырыс мағынасын түсіндіру, оқушылармен жағымды  қарым-қатынас орната білуге,  адамдармен жақсы тіл табыса алуға үйрету. Тренинг барысында оқушыларға жағымды- жағымсыз сөз жаттығуы жүргізілді, жақсы сөз сөйлеу туралы бейнероликтер көрсетіліп ой-толғау болды. Сонымен қатар, жаттығулары жүргізілді, оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті.
]]>
    Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Г. Пржанова мен педагог-психологы Г.Жұмахметова ” Жақсы сөз-жарым ырыс” тақырыбында 11 “Б” сынып оқушылары арналған психологиялық тренинг өткізді. 
Тренинг мақсаты: жақсы сөз -жарым ырыс мағынасын түсіндіру, оқушылармен жағымды  қарым-қатынас орната білуге,  адамдармен жақсы тіл табыса алуға үйрету. Тренинг барысында оқушыларға жағымды- жағымсыз сөз жаттығуы жүргізілді, жақсы сөз сөйлеу туралы бейнероликтер көрсетіліп ой-толғау болды. Сонымен қатар, жаттығулары жүргізілді, оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті.
]]>
admin Fri, 27 Feb 2026 15:48:41 +0600
«Ашық микрофон» алаңы. https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/2130-ashy-mikrofon-alay.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/2130-ashy-mikrofon-alay.html    9,10,11 сынып оқушыларымен Н.Серкебаева, А. Әбілдаева мұғалімдер «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында ашық сұрақ-жауап алаңын  ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, толғандырған сұрақтарын анонимді түрде жолдады. Арнайы анонимді жәшік пен онлайн QR формат арқылы келіп түскен сұрақтарға нақты түсіндірмелер беріліп, түрлі жағдайлар бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу барысында:
🔹 Қауіпсіз ортаны қалыптастыру жолдары талқыланды;
🔹 Өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды;
🔹 Қиын жағдайларда қолдау алу жолдары түсіндірілді;
Мақсатымыз – әр білім алушы өзін қауіпсіз, қорғалған әрі еркін сезінетін орта қалыптастыру. Себебі қауіпсіз орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

]]>
   9,10,11 сынып оқушыларымен Н.Серкебаева, А. Әбілдаева мұғалімдер «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында ашық сұрақ-жауап алаңын  ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, толғандырған сұрақтарын анонимді түрде жолдады. Арнайы анонимді жәшік пен онлайн QR формат арқылы келіп түскен сұрақтарға нақты түсіндірмелер беріліп, түрлі жағдайлар бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу барысында:
🔹 Қауіпсіз ортаны қалыптастыру жолдары талқыланды;
🔹 Өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды;
🔹 Қиын жағдайларда қолдау алу жолдары түсіндірілді;
Мақсатымыз – әр білім алушы өзін қауіпсіз, қорғалған әрі еркін сезінетін орта қалыптастыру. Себебі қауіпсіз орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

]]>
admin Mon, 23 Feb 2026 14:36:28 +0600
"Kaz plast traid" компаниясына саяхат экскурсия аясында https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1984-kaz-plast-traid-kompanijasyna-sajahat-jekskursija-ajasynda.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1984-kaz-plast-traid-kompanijasyna-sajahat-jekskursija-ajasynda.html    Күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында  9 сынып оқушылары  кәсіптік бағыт бағдар беру бойынша"Kaz plast traid" компаниясына саяхат экскурсия аясында барып, өндіріс үдерісімен танысты. Оқушылар пластмасты қалай өндірілетінін өз көзімен қөріпкәсіпорын мамандарынан қызықты мәліметтер алды. Бұл танымдық сапар олардың кәсіби бағдарын айқындап, экологиялық жауапкершілігін арттырды. 🌿
Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың білімін өмірмен ұштастырып, еңбекке деген құрметін қалыптастырамыз! 🙌

]]>
   Күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында  9 сынып оқушылары  кәсіптік бағыт бағдар беру бойынша"Kaz plast traid" компаниясына саяхат экскурсия аясында барып, өндіріс үдерісімен танысты. Оқушылар пластмасты қалай өндірілетінін өз көзімен қөріпкәсіпорын мамандарынан қызықты мәліметтер алды. Бұл танымдық сапар олардың кәсіби бағдарын айқындап, экологиялық жауапкершілігін арттырды. 🌿
Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың білімін өмірмен ұштастырып, еңбекке деген құрметін қалыптастырамыз! 🙌

]]>
admin Wed, 05 Nov 2025 14:34:32 +0600
"Ұлттық мектеп лигасы" https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1927-ltty-mektep-ligasy.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1927-ltty-mektep-ligasy.html    Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері  С.Бектібаев, Р.Утелбаев  2025-2026 оқу жылының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Ұлттық мектеп лига» жарыстарының мектепішілік кезеңі  жас ерекшелігі бойынша спорттың футбол түрінен 7-8 сыныптар арасында жарыс өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын 7 "Ә" сыныбы, 2-орын 7 "Г" сыныбы, 3-орын 7 "В"  сынып оқушылары иеленіп, жарысты  қызықты және тартысты өткізді.

]]>
   Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері  С.Бектібаев, Р.Утелбаев  2025-2026 оқу жылының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Ұлттық мектеп лига» жарыстарының мектепішілік кезеңі  жас ерекшелігі бойынша спорттың футбол түрінен 7-8 сыныптар арасында жарыс өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын 7 "Ә" сыныбы, 2-орын 7 "Г" сыныбы, 3-орын 7 "В"  сынып оқушылары иеленіп, жарысты  қызықты және тартысты өткізді.

]]>
admin Thu, 16 Oct 2025 13:55:41 +0600
«Дублер күні» https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1894-dubler-kn.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1894-dubler-kn.html    Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы»  орталығының 2025 жылдың 
29  қыркүйектегі №15-53-346  санды хатына сәйкес  03 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қасиеттерін іске асыру мақсатында «Дублер күні» ұйымдастырылды.
 Дублер күні - бұл оқушылардың нағыз мұғалімдер бола алатын күні, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады.
 Бұл күні мектеп әкімшілігі мен  мұғалімдерінің рөлін мектеп парламенті және  жоғары сынып оқушылары атқарды.Дублер күні кезінде лауазымын ауыстыратын  тұлғалар мен олардың  дублершылары нұсқаулық өткізді. Нұсқаулық кезінде өз міндеті туралы қысқаша баяндап, дублер өткізуді жоспарлап, негізгі іс-шаралар тізбесін талқылады. 
Осы жауапты іс-шараны  оқушылар жоғары дайындықпен өткізіп, олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады,осы күні мектепте тәртіп қатаң қадағаланды. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу қиын ғана емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.

]]>
   Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы»  орталығының 2025 жылдың 

admin Sat, 04 Oct 2025 14:43:40 +0600
"Бой түзелмей, ой түзелмес" тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өткізілді. https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1873-boj-tzelmej-oj-tzelmes-tayrybynda-zhalpy-yzdar-zhinalysy-tkzld.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1873-boj-tzelmej-oj-tzelmes-tayrybynda-zhalpy-yzdar-zhinalysy-tkzld.html    Мектебімізде 8-11 сыныптар арасында "Бой түзелмей, ой түзелмес" тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі орынбасары М.Альменова,"Қыз Жібек"қыздар клубының төрайымы М.Қосыбаева мүшелері П.Ақбаева, А.Балажанова қатысты. Мақсаты :қыз балаларды әсемдікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ішкі жан дүниесін байыту,  қыз намысы, сымбаты туралы жан -жақты мағлұматтар берді. Қыздардың тәртібі, мектеп формасының сақталуы, сөйлеу әдебі жүру мәдениеті мен жеке бас тазалығы туралы айтылды. Ұлттық дәстүрді сақтап, қыз баланың сымбатты жүруі туралы ой қозғалды.

]]>
   Мектебімізде 8-11 сыныптар арасында "Бой түзелмей, ой түзелмес" тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі орынбасары М.Альменова,"Қыз Жібек"қыздар клубының төрайымы М.Қосыбаева мүшелері П.Ақбаева, А.Балажанова қатысты. Мақсаты :қыз балаларды әсемдікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ішкі жан дүниесін байыту,  қыз намысы, сымбаты туралы жан -жақты мағлұматтар берді. Қыздардың тәртібі, мектеп формасының сақталуы, сөйлеу әдебі жүру мәдениеті мен жеке бас тазалығы туралы айтылды. Ұлттық дәстүрді сақтап, қыз баланың сымбатты жүруі туралы ой қозғалды.

]]>
admin Sat, 13 Sep 2025 09:49:25 +0600
ҰЛЫ АБАЙҒА 180 ЖЫЛ https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1841-ly-abaja-180-zhyl.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1841-ly-abaja-180-zhyl.html   Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі – адамның рухани кемелденуінің, ізгілікке, білім мен еңбекке ұмтылуының биік өлшемі. Бұл ілімнің негізінде үш қасиет жатыр: нұрлы ақыл, жылы жүрек және ыстық  қайрат.
Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған, «Толық адам» іліміне негізделген «Абайды оқы, таңырқа..» тақырыбындағы қалалық педагогтер арасындағы челленджді қабыл алып, келесі білім беру ұйымына  жолдайды

]]>
  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі – адамның рухани кемелденуінің, ізгілікке, білім мен еңбекке ұмтылуының биік өлшемі. Бұл ілімнің негізінде үш қасиет жатыр: нұрлы ақыл, жылы жүрек және ыстық  қайрат.
Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған, «Толық адам» іліміне негізделген «Абайды оқы, таңырқа..» тақырыбындағы қалалық педагогтер арасындағы челленджді қабыл алып, келесі білім беру ұйымына  жолдайды

]]>
admin Mon, 11 Aug 2025 15:24:11 +0600
"Таза Қазақстан-таза болашақ" https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1802-taza-azastan-taza-bolasha.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1802-taza-azastan-taza-bolasha.html   Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьде ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ арналған "Таза Қазақстан-таза болашақ" тақырыбында танымдық және тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты -оқушыларға табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашыр болуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы түсінік беру. Сондай-ақ балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру. 
Іс-шара барысында  балалармен төмендегідей жұмыстар атқарылды. 
-"Табиғатты аялайық!" тақырыбында сурет салу;
- экологиялық танымдық ойындар мен викториналар;
- Мектеп ауласын тазалау мен ағаштарға су құю, әктеу, арам шөптерді жұлу. 
- Теплицадағы өсімдіктерді баптау;
- Табиғат туралы бейне баян көріп, талқылау.
Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Белсенді балалар күннің соңында марапатталып, мадақталды. Бұл Іс-шаралар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруға және экологияның маңыздылығын түсінуге оң ықпал етті.

]]>
  Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьде ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ арналған "Таза Қазақстан-таза болашақ" тақырыбында танымдық және тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты -оқушыларға табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашыр болуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы түсінік беру. Сондай-ақ балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру. 
Іс-шара барысында  балалармен төмендегідей жұмыстар атқарылды. 
-"Табиғатты аялайық!" тақырыбында сурет салу;
- экологиялық танымдық ойындар мен викториналар;
- Мектеп ауласын тазалау мен ағаштарға су құю, әктеу, арам шөптерді жұлу. 
- Теплицадағы өсімдіктерді баптау;
- Табиғат туралы бейне баян көріп, талқылау.
Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Белсенді балалар күннің соңында марапатталып, мадақталды. Бұл Іс-шаралар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруға және экологияның маңыздылығын түсінуге оң ықпал етті.

]]>
admin Thu, 05 Jun 2025 16:58:17 +0600
10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны 4 күні өткізілуде. https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1782-10-synyp-oushylaryna-arnalan-ou-dala-zhiyny-4-kn-tkzlude.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1782-10-synyp-oushylaryna-arnalan-ou-dala-zhiyny-4-kn-tkzlude.html   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны  4 күні өткізілуде. 
 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, әскери және азаматтық жауапкершілікке баулу.

]]>
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны  4 күні өткізілуде. 
 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, әскери және азаматтық жауапкершілікке баулу.

]]>
admin Thu, 22 May 2025 17:47:07 +0600
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1768-zhes-tty-bolsyn.html https://68.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1768-zhes-tty-bolsyn.html    Шымкент қаласы білім басқармасының «Оқушылар сарайы»  МКҚК   ұйымдастыруымен  
РҚБ «Жас ұлан»  ұйымының  рәміздерін  құрметтеу, тарихты қастерлеуді  қалыптастыру  мақсатында  Ұлы Жеңістің  80  жылдығына  орай  «Ең үздік рәміздік топ» қалалық байқауының суперфиналында  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбы Бас жүлде иеленді.

]]>
   Шымкент қаласы білім басқармасының «Оқушылар сарайы»  МКҚК   ұйымдастыруымен  
РҚБ «Жас ұлан»  ұйымының  рәміздерін  құрметтеу, тарихты қастерлеуді  қалыптастыру  мақсатында  Ұлы Жеңістің  80  жылдығына  орай  «Ең үздік рәміздік топ» қалалық байқауының суперфиналында  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбы Бас жүлде иеленді.

]]>
admin Fri, 16 May 2025 13:28:31 +0600