"Мерейлі отбасы тәжірибесі – жастарға өнеге, қоғамға үлгі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде "Мерейлі отбасы тәжірибесі – жастарға өнеге, қоғамға үлгі» ата-аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында үлгілі отбасылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы тәрбиесінің маңызы, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, отбасындағы өзара құрмет, тең құқық, жауапкершілік пен қолдау мәдениеті жөнінде ашық пікір алмасу өтті.