11
сентябрь
2025
«Тілдер тоғысқан мереке»
Бүгін Общеобразовательная школа №68нде Тіл мерекесіне арналған онкүндіктің қорытынды іс-шарасы — «Тілдер тоғысқан мереке» атты тілдер фестивалі өтті.
Мақсаты — оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ұлттық рухты ояту, тіл арқылы елдің тарихы мен мәдениетін қастерлеуге баулу.
Іс-шара барысында оқушылар үш тілде өлең оқып, ұлттық би билеп, домбырамен күй төгіп, аккордеонмен әуезді әуендер орындап, көрерменнің көңілінен шықты. Өнерге құштар өрендер сахнада өз қабілеттерін жарқырата көрсетті.
«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» дегенді ұмытпай, ұлттың ұлы байлығы — тілімізді ардақтау, оның қадірін ұғындыру — басты мақсатымыз болды.