24
сәуір
2026
🇰🇿 ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны өз бастауын алды. Іс-шара Ақтас оқу-жаттығу базасында ұйымдастырылуда.
Жиын барысында оқушылар әскери өмір тәртібімен танысып, тактикалық, саптық және қорғаныс бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысуда.
Сонымен қатар қыздарға арналған медициналық практикалық сабақтар өткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретілуде. Төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккен адамға көмек көрсету тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілуде.
Мектеп медбикелері өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде.
Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайтып, тәртіп пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.