«Бес асыл ісі» мен «Бес дұшпаны» арқылы адамгершілік » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бес асыл ісі» мен «Бес дұшпаны» арқылы адамгершілік
19
қараша
2026

«Бес асыл ісі» мен «Бес дұшпаны» арқылы адамгершілік

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырбекқызы Ғалия 4 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді.

Сабақта Абайдың «Бес асыл ісі» мен «Бес дұшпаны» арқылы адамгершілік, адалдық, еңбек пен білім құндылықтары дәріптелді. Жасанды интеллект көрнекіліктері, бейнематериалдар, танымдық ойындар және интерактивті тапсырмалар қолданылды. Оқушылардың білім деңгейіне сай үш деңгейлі сараланған жұмыстар ұйымдастырылып, әр баланың жеке мүмкіндігі ескерілді.

Оқушылар Абай өсиеттерінің тәрбиелік мәнін түсініп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталған тапсырмаларды белсенді орындады. Сабақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарымен ұштастырылды.

Сабақ мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Заманауи әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеуге ықпал етті.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив