Педагогтерді аттестациялау бойынша әдістемелік түсіндірме жұмысы жүргізілді » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді аттестациялау бойынша әдістемелік түсіндірме жұмысы жүргізілді
28
сәуір
2026

Педагогтерді аттестациялау бойынша әдістемелік түсіндірме жұмысы жүргізілді

  Педагог қызметкерлерді аттестациялау – олардың кәсіби біліктілігін арттырудың, педагогикалық шеберлігін жетілдірудің және білім сапасын көтерудің маңызды тетігі болып табылады. Осыған байланысты мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Альжанов педагогтерге аттестация талаптарын түсіндіру мақсатында әдістемелік түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында педагогтерге аттестациядан өту тәртібі, кезеңдері, қажетті құжаттар тізімі, портфолио жинақтау талаптары және бағалау критерийлері жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпарат берілді.

Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинарлар, кеңестер, жеке консультациялар ұйымдастырылып, педагогтердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Педагогтерге өз тәжірибесін жүйелеу, жетістіктерін дәлелдейтін материалдарды дұрыс рәсімдеу, ашық сабақтар мен іс-шараларды тиімді жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.

Жүргізілген түсіндірме жұмыстары педагогтердің аттестацияға дайындығын арттырып, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге оң әсерін тигізді. Нәтижесінде педагогтер аттестация талаптарын толық меңгеріп, өз қызметін бағалауға және дамытуға бағыт алды. 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив