12
мамыр
2026
"Жеңіс рухы мәңгі жүректе!"
№68 ЖОББ мектебінде "9 -мамыр ұлы жеңіс" күніне орай оқушылар арасында "Жеңіс рухы мәңгі жүректе!" тақырыбында тәрбие сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп, сол іс-шарадан алған әсері бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды. Салынған суреттер көркем еңбек пәні мұғалімдерінен құралған әділқазылар алқасымен бағаланып, жақсы салған жас суретшілер мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Бейбітшілігіміз мәңгі болғай!