Ақпарат » Страница 36 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЖӘК Рёдан»  қозғалысы
13
сәуір
2023
“ЖӘК Рёдан» қозғалысы
    Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары, орта буын оқушылар арасында, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, “ЖӘК Рёдан” субмәдениетінің белсенді насихатталғандығы анықталғаны себепті, “ЖӘК Рёдан»  қозғалысының ары қарай тарауына және жасөспірімдер арасында жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу туралы профилактикалық түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.
Республикалық челлендж жалғасуда
12
сәуір
2023
Республикалық челлендж жалғасуда
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 12 сәуір күні шахматтан  республикалық челлендж өткізілді. Челлендждің мақсаты,  шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.  Республикалық челленджге “Шахмат” үйірмесімен қамтылған 2-11 сынып аралығында 180 оқушы қатысты. 
«ҒАРЫШҚА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР»
12
сәуір
2023
«ҒАРЫШҚА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР»
      12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 61 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханашысы Л.Лауланбекова 4«В» сынып оқушыларымен «Ғарышқа қанат қаққандар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер туралы өмірбаяндарымен таныстыру. Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру. Байқоңыр ғарыш аймағы туралы танымдарын кеңейту.
КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
12
сәуір
2023
КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
    Мектебімізде кибербуллинг, буллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңы балаға қатысты интернет – ресурстарда кибербуллинг фактілерін қарау мәселері бойынша 18-4 баппен толықтырылғандығы туралы; 2. Аталған Заңының 18-4 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу!
08
сәуір
2023
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу!
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 "В" сынып жетекшісі А.Тюльтебаева оқушыларымен мектеп ауласындағы жылыжайда топырақты өңдеп, қияр егуге кірісті. Мақсаты: оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, табиғатты аялауға, қорғауға бейімдеу. 
«ҰБТ-ға психологиялық дайындық"
07
сәуір
2023
«ҰБТ-ға психологиялық дайындық"
  Педагог-психолог Г.М.Шынтаева 11 «Ә» сынып  оқушыларына «ҰБТ-ға психологиялық дайындық" тақырыбында тренинг жұмысын жүргізді. Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, өзіндік сенімі болуға баулу, бағалауын анықтау. Оқушыларға ҰБТ-ті сенімді тапсыруға дайындау.  
Табиғатты аялайық!
07
сәуір
2023
Табиғатты аялайық!
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқытушысы М.Альменова өз сыныбымен табиғатқа, мектеп ауласы мен жылыжайға таным жорық жасады. Мақсаты, оқушыларды табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
"БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ ЕРЛІГІ"
05
сәуір
2023
"БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ ЕРЛІГІ"
    Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің тарих бiрлестiгi мұғалiмдерiнің ұйымдастыруымен «Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірдерегімен таныстыру арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру. Сұлтан Бейбарыстың өмірі  туралы бейнефильм көрсетіліп, оқушылар жан-жақты деректермен танысты. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығы
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ҮЗДІК БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ!"
03
сәуір
2023
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ҮЗДІК БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ!"
      Мектебімізде, №5 Қалалық емхана дәрігерлері Ұ.Қ.Қалмұрзаева мен Ж.Бижигитовалардың қатысуымен, «Қызылша ауруының алдын алу» және «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!» тақырыбында 8-11 сынып қыздарының арасында кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қызылша ауруының өршуіне байланысты аурудың алдын алу жолдары, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы кеңінен түсіндіріліп, слайдтар көрсетілді.