03
маусым
2026
«Көңілді эстафета» жарысы өткізілді
№68 жалпы орта білім беретін мектептің жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Көңілді эстафета» жарысы өткізілді.
Жарысқа лагерьдің 8 тобы қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар төмендегі кезеңдер бойынша жарысты:
1. Допты алып жүгіру;
2. Секіртпемен секіру;
3. Жүгіру;
4. Обручпен өту.
Жарыс барысында балалар белсенділік танытып, өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Әр топ жеңіске деген жігерін байқатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар спорттық сайыстарға қызығушылықпен қатысып, достық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Жұлдыз» және «Көгершін» тобы
🥈 ІІ орын – «Жауқазын» және «Қыран» тобы
🥉 ІІІ орын – «Күншуақ» және «Достық» тобы
🏅 IV орын – «Барыс» және «Балдырған» тобы
Жеңімпаздар дипломдармен, ал қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балалардың көңілінен шықты. Жарыс тәрбиеленушілердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтарын нығайтуға және бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал етті.