04
маусым
2026
«Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбындағы іс-шара
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбындағы іс-шараның өту барысы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Рәміздерім – мақтанышым» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара мектеп алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, патриоттық рухтарын танытты.
Одан кейін әр топ өздерінің кабинеттерінде мемлекеттік рәміздер тақырыбында слайдтар дайындап, суреттер салды. Жұмыс барысында оқушылар Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын таныстырып, олардың авторлары мен тарихы туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар шығармашылық жұмыстар арқылы өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, елжандылық пен патриоттық қасиеттерін қалыптастыру.