№68 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтердің тәжірибе алмасуына арналған маңызды іс-шара өтті. » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №68 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтердің тәжірибе алмасуына арналған маңызды іс-шара өтті.
04
мамыр
2026

№68 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтердің тәжірибе алмасуына арналған маңызды іс-шара өтті.

    Мектеп ұстаздары өздерінің авторлық бағдарламалары мен әдістемелік, оқу құралдарын мектеп ұжымына таныстырып, қорғап, кәсіби тәжірибелерімен кеңінен бөлісті. Бұл шара – мұғалімдердің шығармашылық ізденісін қолдау, озық тәжірибені тарату және білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әр мұғалім өз еңбегінің мазмұны, мақсаты, қолдану тиімділігі туралы баяндап, тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті. Әсіресе, құндылыққа негізделген білім беру, функционалдық сауаттылық, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстар ерекше назар аудартты.















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив