“Қоғамдық мүлікті қорғау” » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қоғамдық мүлікті қорғау”
22
сәуір
2026

“Қоғамдық мүлікті қорғау”

    №68 жалпы орта білім беретін мектептің 1 “ В” сыныбының жетекшісі Қилыбаева М., 2 “ В ” сыныбының жетекшісі Сайдбек Д.Н. , 4 “В” сыныбының жетекшісі Байшымырова Р.А. сынып оқушыларымен “Қоғамдық мүлікті қорғау” тақырыбында сынып сағаттарын  өткізді .Сынып сағаттары мына төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырды:
📌Қоғамдық мүлік деген не екенін түсіндіру;
📌Қоғамға ортақ заттарды   ажырата білу  (мектеп мүлкі, аялдама, ойын алаңы, кітапхана кітаптары) және оларды қорғаудың маңызды екенін түсіну;
‼️Сабақ барысында оқушылар  :
-“Қоғамдық мүлік деген не?”
– Бұл заттар кімге тиесілі?
– Барлығымыз пайдалана аламыз ба?
– Сен оны қалай қорғайсың?
– Бүлдірсең не болады?- деген сұрақтарды талқылады.
“✅Қоғамдық мүлік – бұл белгілі бір жеке тұлғаға немесе ұйымға емес, бүкіл қоғамға ортақ әрі көпшілік игілігі үшін пайдаланылатын мүліктер.Қоғамдық мүлік – әр азаматтың қажеттілігі үшін жасалған, сондықтан оны күтіп ұстау – әр адамның міндеті. 

✅Қоғамдық мүлікті бүлдіру – заңға қайшы әрекет. Оны қорғау – әрбір азаматтың құқықтық және моральдық жауапкершілігі. Егер әр адам оны өз үйінің мүлкі сияқты күтсе, қоғамдық орта әлдеқайда таза, қауіпсіз әрі жайлы болар еді.

✅Қоғамдық мүлік – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақтың да игілігі. Оны сақтап, күтіп-ұстау арқылы біз болашақ ұрпаққа сапалы инфрақұрылым мен қолайлы қоғамдық кеңістік қалдырамыз. Қоғамдық мүлікті қорғау — азаматтық міндет.”- екендігін әр оқушы түсінді.








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив