02
маусым
2026
"Kitap CAMP" жобасы
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Балдәурен" жазғы лагерінің "Kitap CAMP" жобасы аясындағы мақсаттары
"Kitap CAMP" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жазғы демалысты мазмұнды ұйымдастыру мақсат етіледі.
Жоба барысында әр топ өздеріне берілген көркем шығармаларды оқып, талдау жұмыстарын жүргізді:
* «Барыс» тобы Л.Н. Толстойдың «Үш аю» ертегісін талдау арқылы достық, тәртіп және жауапкершілік құндылықтарын меңгерді;
* «Достық» тобы Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып, адамгершілік пен адалдықтың маңызын түсінді;
* «Күншуақ» тобы Ы. Алтынсариннің «Ақылды егінші» ертегісін талдау арқылы еңбекқорлық пен тапқырлықтың қадірін ұғынды;
* «Балдырған» тобы Ханс Кристиан Андерсеннің «Сиқырлы сандық» ертегісі негізінде қиялдың, ізденістің және ізгілік қасиеттерінің мәнін ашты;
* «Жауқазын» тобы Ө. Тұрманжановтың «Әдептілік әліппесі» шығармасы арқылы әдептілік пен мәдениеттілік қағидаларын зерделеді;
* «Қыран» тобы М. Әлімбаевтың «Балдырған» шығармасын оқып, туған елге, достыққа және білімге деген сүйіспеншілікті дәріптеді;
* «Көгершін» тобы Ф. Оңғарсынованың «Күміс қоңырау» шығармасы арқылы білімнің маңызын және мектеп өмірінің құндылығын түсінді;
* «Жұлдыздар» тобы Е. Тоқтарбайдың «Тау құсы» шығармасын талдап, табиғатты аялау мен еркіндікке деген құрмет сезімін қалыптастырды.
Осы жұмыстар арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, шығармаларды талдау, өз ойын еркін жеткізу, пікір алмасу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Жобаның басты мақсаты – кітапты оқушылардың сенімді досына айналдырып, олардың рухани-адамгершілік және зияткерлік дамуына ықпал ету.