25
мамыр
2026
«Жұлдыздар шеруі»
№68 жалпы орта білім беретін мектебі қабырғасында дарынды оқушыларды ұлықтаған ерекше «Жұлдыздар шеруі» салтанатты кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында білім, спорт, өнер бағыттары бойынша үздік жетістікке жеткен жұлдыз оқушылар марапатталып, олардың еңбегі көпшілік алдында дәріптелді. Оқушылардың жетістігі — тек өз талпынысының ғана емес, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі екені ерекше атап өтілді.
Салтанатты шараға мектеп ұстаздары, ата-аналар және қонақтар қатысып, жас дарындардың жеңістеріне куә болды. Сонымен қатар, жұлдыз оқушылардың ата-аналарына да арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталып, бала тәрбиесіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.
«Жұлдыздар шеруі» — талантты жастарды қолдап, олардың болашаққа деген сенімін арттырған, шабыт пен мақтанышқа толы жарқын кеш болды.