ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сәуір
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

    2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

          ҚАТАҢ  ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау; 
 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру; 
 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру; 
 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау; 
 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру; 
 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету.

        ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
   “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады; 
 Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады; 
 Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз; 
 Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық деп білеміз; 

               ҚҰРМЕТТІ  АТА - АНА!
      Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік маңызы жоғары және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету. 
      Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта қалыптастырамыз.
     Сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне немесе өзіме тікелей хабарласуыңызға болады: 
Байланыс нөмірі: +7 747 720 74 63
 Біз әрқашан кері байланысқа дайынбыз! 

  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің  директоры 
Пржанова Гүлнұр Әскербекқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив