Ақпарат » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұрпаққа үлгі – бата беру дәстүрі»
09
сәуір
2026
«Ұрпаққа үлгі – бата беру дәстүрі»
  Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Саналы жастар» жобасы аясында «Ұрпаққа үлгі – бата беру дәстүрі» тақырыбында бата беру сайысы өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қазақ халқының бай мұрасын, соның ішінде бата беру дәстүрінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
ХХІ ҒАСЫР - ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҒАСЫРЫ
09
сәуір
2026
ХХІ ҒАСЫР - ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҒАСЫРЫ
 "Жас ғалым"  ғылыми жобалар байқауы аясында  өткізілген  IV Республикалық конференцияға  мектеп оқушылары, колледж  және  ЖОО  студенттері  арасында  қатысып, жоғары  нәтиже  көрсетіп, жеңімпаз  атанғаны  үшін  №68 жалпы  орта  білім  беретін мектебінің  оқушылар І орын - 6 "В" Спандияр  Бикелді Жетекшісі: Ирсаева  Айбарша,  ІІ орын - 8 "А" сынып оқушысы Үмбет  Несібелі  Жетекшісі:  Балажанова  Айгүл дипломдармен  марапатталды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
11 "А" сынып оқушыларымен тәрбие  сағаты өткізілді
08
сәуір
2026
11 "А" сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді
   Мектебімізде 11 "А" сынып оқушыларымен тәрбие  сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жан-жақты талқыланды. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Дүйсенбаев Н. жүргізіп, оқушыларға Конституцияның маңызы, қоғамдағы рөлі және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына
Бүгін, 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілуде 🌍
08
сәуір
2026
Бүгін, 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілуде 🌍
Биылғы ұраны ерекше өзекті – «Мен таңдаған жол». Мектебімізде 5 қалалық емхана  дәрігері Б.М.Кожахметованың қатысумен оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықтың қадірін, әрбір емнің, әрбір екпенің маңыздылығы түсіндірілді.  Бүгінде тек емдеу ғана емес, білімге, фактілерге және дәлелді медицинаға сену маңызды. Дәл осы ұстаным «Мен таңдаған жол» тәсілінің негізінде жатыр, онда адам денсаулығы қоршаған ортамен тығыз байланысты.
«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп»
08
сәуір
2026
«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп»
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» тақырыбында 7 “В” сынып оқушыларымен мектеп психологы Ашықбаева Раушан Ертайқызы психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Оқушыларға діни экстремизмнің қауіптілігін түсіндіру, теріс ағымдардың зиянын ұғындыру және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру.  Міндеттері: Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, жалған діни ақпараттан сақтануға үйрету, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызын түсіндіру.
🌍 Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
07
сәуір
2026
🌍 Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
   6 сәуір күні №68 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау. Шараға 4 «Ғ», 5 «Д», 7 «Б», 7 «Д» және 9 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Сынып сағаттары барысында оқушылармен денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу туралы маңызды тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар, түрлі белсенді
Аутизм – бұл ауру немесе айып емес, ол ерекше қасиет.
06
сәуір
2026
Аутизм – бұл ауру немесе айып емес, ол ерекше қасиет.
   2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм спектрлік бұзылыстары (АСБ) туралы ақпарат тарату күніне орай мектебімізде “Аутизм: Әлемді басқаша көру” тақырыбында  оқушылар мен ата-аналарға мектеп дефектолог-логопедтері Ашықбаева Раушан Ертайқызы мен Сагинбекова Газиза Пайзллаевна түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Бұл күн 2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен белгіленген. Оның мақсаты – аутизмі бар адамдардың өмірі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, стереотиптерді жою және инклюзия мен тең мүмкіндіктер
"Біргеміз, бірге үйренеміз!"  Әр бала – ерекше. Әр бала – маңызды!
03
сәуір
2026
"Біргеміз, бірге үйренеміз!" Әр бала – ерекше. Әр бала – маңызды!
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68  жалпы орта білім беретін мектеп педагог-психолгы Ашықбаева Раушан Ертайқызы мен дефектолог-логопеді  Сагинбекова Газиза Пайзллақызы “Біргеміз, бірге үйренеміз!” жобасы аясында “Баланың танымдық процестерін ( зейін,ес, ойлау) тиімді дамыту жолдары” атты ДОІЖО  Г.М.Нахипованың басшылығымен ата-аналарға арналған шығармашылық  сабақ өткізілді. Біздің күнделікті жұмысымыз – бұл жай ғана сабақ емес… Бұл – баланың алғаш рет дыбысты дұрыс айтуы, Бұл –
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 🔊🔊
01
сәуір
2026
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 🔊🔊
📍 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 18 МАУСЫМНАН БАСТАЛАДЫ №68 жалпы орта білім беретін мектебі Құрметті ата-аналар! Биыл мектепке қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Шымкент қаласы бойынша құжат тапсыру мерзімі 18 маусым – 31 тамыз болып белгіленді. * Өтінімдер тек Egov.kz порталы арқылы қабылданады. ⚠️ Ескерту: Egov порталы тек көрсетілген мерзімде ғана қолжетімді болады.   📌📌📌ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:  ✅1) Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)  ✅ 2) Баланың туу туралы куәлігі  ✅3) Ата-ананың жеке куәлігі  ✅4)
🔊🔊🔊АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!🔊🔊🔊
31
наурыз
2026
🔊🔊🔊АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!🔊🔊🔊
🔊🔊🔊АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!🔊🔊🔊 🗓️1-сыныпқа құжат қабылдау туралы Директордың жалпы білім беру бойынша орынбасары Г.М.Нахипова Телефон номер: +7 778 286 2435
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 37 Вперед