30
сәуір
2025
МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында 9 "А" сынып оқушыларымен тәрбие сағатын ұйымдастырды.Тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.




