01
қазан
2025
“ Мейірімділік - әлемді құтқарады”
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жоббм педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова “ Мейірімділік - әлемді құтқарады” тақырыбында 8-11 сынып арасынан белсенді оқушыларына психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: жасөспірімдердің бойында жағымды мінез-құлықты қалыптастыру, психологиялық саулықты нығайту. Тренинг барысында оқушылармен Мейірімділік туралы түсіндірме жасалып, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылардың өзара қарым-қатынастарында да сынып бойынша бір-бірлерімен мейірімді болу туралы айтылды.