ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№68 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
08
февраль
2021

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.А. Тәжиева ,әдістемелік орталық  директоры А. Медетбекованың ұйымдастыруымен, "Сыни сауаттылық" жобасының тренері Майра Рахымбаеваның қатысуымен №52 мектеп-лицейінде  өткізілген қалалық оқу семинары ,бүгінде №68  ЖОББ мектебінде  жалғасын тапты. Мектеп  директоры Г.А. Пржанова, кітапхана меңгерушісі Х. Қуашбаевамен жас мамандар арасында "Оқуға құштар мектеп" тақырыбында оқу семинарын өткізді. Семинарға қатысқан жас мамандар Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" кітабындағы басты кейіпкер Әлтайдың және де интернаттағы балалардың  қиын өмірімен бірге, олардың бойында қалыптасқан  еңбекқорлық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін атап өтті. Интернат қабырғасында білім алған мұғалімдер өз балалық шақтарын еске ала отырып,интернатқа деген сағыныш сезімдерін жеткізді. Қорыта келе,интернат баланы ұжымшылдыққа,ынтымаққа,батылдыққа,алғырлыққа тәрбиелейді деген пікірлер айтылды. Алмас Ертайұлының "Жұрттың баласы" кітабындағы бала тәрбиесі ұғымын дұрыс қалыптастырудағы жағымды-жағымсыз тараптары  ортаға салынды. "Жұрттың баласымен" салыстыру кейбір балаға мотивация болса,кейбір балаға кері әсерін тигізуі мүмкін деген ойларын айта келе,баланың қызығушылығымен ,қабілетін,бейімділігін анықтай отырып,соларды дамытуға тырысу керек деген пікірлер айтылды.Жас мамандар бала тәрбиесі тақырыбындағы семинарға бірінші рет қатысып отырғандарын айта келе,семинардан алған әсерлерімен бөлісіп,мектеп директоры Г.А.Пржановаға алғыстарын білдірді. "Оқуға құштар мектеп"жобасы мектеп қабырғасында  әрі қарай жалғасын тапса деген ұсыныстарын жасады.




Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив