17
қазан
2025
“Білім бастауы – бастауышта”
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық “Білім бастауы – бастауышта” онкүндігі аясында 2 "Ә" сынып жетекшісі К.А. Достаева математика пәнінен "Өзіңді тексер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, дәлелдеу дағдылары және өзін-өзі бағалау машықтары дамытылды. Сабақтың басты құндылығы ретінде мемлекеттік тілді меңгеру, Отан, туған жер туралы білім және патриоттық тәрбие алға қойылды. Апталық дәйексөз ретінде М.Мақатаевтың «Отанды сүю –отбасынан басталады!» нақылы алынып, сабақ мазмұнымен тиімді ұштастырылды. Оқушылар отбасы мен Отан арасындағы байланысты өз ойлары арқылы нақты жеткізе білді. Сабақ "Біздің алар бағамыз " атты ұранмен басталып, оқушылардың ынтасын арттырды, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Жаңа білімді игеру барысында, ой сергіту сәтінде ойын элементтерінде және М.Мақатаевтың "Отан" өлеңінің үзінділері қолданылып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы одан әрі нығайтылды. Оқушылар топтық және жеке жұмыстарға, тест тапсырмаларына, модельдеуге, логикалық есептер шығаруға белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді.Сабақ барысында бейнекөрсетілімдер, көрнекі құралдар, тест парақшалары, дидактикалық материалдар кеңінен қолданылды. Мұғалім мадақтау, дескрипторлар, «Өзін-өзі бағалау» әдістері арқылы тиімді кері байланыс жүргізді. Нәтижесінде, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы артып, отбасы мен Отан ұғымдарының маңызын тереңірек түсінді.




