29
қараша
2025
Мамандық таңдау – маңызды іс!
Әр адамның болашағы, өмір жолы мен табысты карьерасы дұрыс таңдалған мамандыққа тікелей байланысты. Мамандық — тек жұмыс емес, ол адамның қызығушылығын, қабілетін, армандарын жүзеге асыратын өмірлік бағыт.
Бүгінгі өзгерістерге толы заманда жасөспірімдердің өз болашағына саналы түрде қарап, жүрек қалауына сай мамандық таңдауы өте маңызды. Өйткені әрбір таңдаудың артында үлкен жауапкершілік, еңбек және мақсат жатыр.
Мектеп қабырғасында берілетін кәсіби бағдар — оқушыға өз қабілетін тануға, болашағын айқындауға, дұрыс шешім қабылдауға жол ашады. Мектебіміздің кәсіби бағыт бағдар беруші Хайрова Майнұр мен Кидирбаев Жасұлан оқушыларғамен тренинг сабағын өткізді.
Мамандықты жүрекпен таңдау – болашаққа салынған ең маңызды қадам!