Ұлттық құндылықтар: "Ұят болады", "Жаман болады", "Обал болады" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық құндылықтар: "Ұят болады", "Жаман болады", "Обал болады"
06
желтоқсан
2025

Ұлттық құндылықтар: "Ұят болады", "Жаман болады", "Обал болады"

   "Ұлдар кеңесі" жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен "Ұлттық құндылықтар: "Ұят болады", "Жаман болады", "Обал болады" тақырыбында ұлдар кеңесі өтілді.   
Мақсаты: Жауапкершілікті қалыптастыру: Ұлдардың өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуіне, қоғам алдындағы міндетін ұғынуына ықпал ету.
Адамгершілік эталоны: Бұл қағидалар арқылы ұлдар жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажыратып үйрету.
Ұлттық құндылықтар: Дәстүрлі қазақ тәрбиесінің өзегін құрайтын имандылық, намыс, мейірімділік сияқты қасиеттерді дамытуға бағыттау.   
 Кеңесті ДТІЖО Ж.Альжанов жүргізіп отырды. Оқушыларға келелі кеңесте тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев өз ізденіс жұмысымен бөлісті.   Кеңес қорытындысында оқушылар төмендегі дүниелерді меңгере білді.  Ұят болады – бұл әлеуметтік және моральдық нормаларға сай емес іс-әрекеттерден сақтануды, адам алдындағы абыройды, ар мен намысты сақтауды меңзейді. Өз ісің үшін ұялу, басқаларды ұятқа қалдырмау.

Жаман болады – бұл жасалған істің, әрекеттің келешектегі теріс салдарын, зиянын, қауіптілігін білдіреді. Жалпы қабылданған жақсылыққа қайшы келетін істерден аулақ болу.

Обал болады – бұл әрнәрсенің қадірін білу, ысырапшылдыққа, әділетсіздікке, қиянатқа жол бермеуді, ешкімге зиян тигізбеуді, табиғатқа, малға, жанды-жансызға жанашырлықпен қарауды талап етеді. Бұл сөз әсіресе қамқорлық пен мейірімділікке шақырады.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив