"Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні"
03
ақпан
2026

"Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні"

  Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні (Safer Internet Day) — жыл сайын ақпан айында атап өтілетін, бүкіл әлемдегі пайдаланушыларды, әсіресе балалар мен жастарды желідегі қауіптерден қорғауға бағытталған халықаралық шара. 
02.02.2026ж. күні 10 "Б" сынып жетекшісі А.Есіркепов "Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні" тақырыбында сынып сағатын өткізді. 
Сабақтың мақсаты: Интернетті тек қауіпсіз емес, сонымен қатар жағымды және пайдалы кеңістікке айналдыру:
Цифрлық сауаттылық: Пайдаланушыларға жеке деректерді қорғауды үйрету.
Кибербуллингпен күрес: Желідегі қудалау мен қорлаудың алдын алу.
Зиянды контент: Жалған ақпарат (фейк), алаяқтық және вирус жұқтыру қауіптерінен сақтану жолдарын түсіндіру.
Этикет: Желідегі сыпайылық пен мәдениетті қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар төмендегі 5 негізгі ережені өз бойларына қалыптастыра білді.
Күрделі құпия сөздер: Әр аккаунт үшін бөлек, қиын пароль қолдану.
Күмәнді сілтемелер: Бейтаныс адамдар жіберген файлдар мен сілтемелерді ашпау.
Жеке ақпарат: Мекенжайды, мектеп нөмірін немесе банк картасының деректерін жарияламау.
Сенімді ересек адам: Желіде біреу қорқытса немесе қысым көрсетсе, міндетті түрде жақын адамдарға айту.
Сын көзбен қарау: Кез келген ақпаратты (әсіресе ұтыстар мен сыйлықтар туралы) тексеру.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив