10
ақпан
2026
«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде жас ұрпақтың бойына азаматтық қорғаныс жауапкершілік пен қоғамдық сана дәнін егу, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тағылымды әрі мазмұнды кездесу өткізілді. Бұл басқосу оқушыларды елге қызмет ету идеясына бағыттап, олардың өмірлік таңдауына оң ықпал етуді көздеді.
Кездесуге кәсіптік бағдар беруші Хайрова Майнур Ертаевна, сондай-ақ төтенше жағдай сауаттылық бойынша маңызды мәліметтермен бөліскен ТЖМ қызметкерлері Азаматтық қорғау майоры Ы.Сапарбаев және азаматтық қорғау майоры М.Махаматханов қатысты.
Іс-шара барысында төтенше жағдай органдарының өкілдері оқушыларға азаматтық міндет пен жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіріп, азаматтық қорғау саладағы мамандықтардың қоғам өміріндегі рөліне ерекше тоқталды. Олар мектеп оқушыларын заң саласына бет бұруға, әділдік пен тәртіпті қорғауға шақырды.Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары әр мамандық бойынша атап өтіп, маңызы мен қоғамдағы орны туралы баяндап өтті.
Кәсіптік бағдар беруші М.Е. Хайрова өз сөзінде:
«Қоғамға пайдалы қызмет ету — әрбір саналы азаматтың парызы. Ал мамандықты дұрыс таңдау — сол жолдағы алғашқы әрі ең маңызды қадам», — деп атап өтті. Ол оқушыларды өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдауға бағыттап, болашаққа сеніммен қадам басуға үндеді.
Қорытындысында, кездесу оқушылар үшін ерекше маңызы бар рухани-танымдық алаңға айналды. Олар өздерін толғандырған мамандықтар мен төтенше жағдай талаптарына қатысты сұрақтар қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл шара жасөспірімдердің бойында адамгершілік, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді нығайтып, саналы түрде мақсат қоя білуге жетеледі.
Қоғам игілігіне қызмет ету — бұл тек жеке жетістікке ұмтылу емес, елдің ертеңі үшін еңбек ету. Осындай биік мұратты ту еткен жас ұрпақ қана халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекеттің тұрақты дамуына үлес қоса алады. Қоғамға адал қызмет еткен жастар — жарқын болашақтың берік тірегі.