06
наурыз
2026
АТА-АНАЛАР мен ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі, “8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылардан, ата-аналардан және заңды өкілдерінен, қызметкерлерден түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді!
Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – балалардың білімге деген ынтасы мен тәртібі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру пара беру болып табылады. Материалдық сыйлықтар беру заңға қайшы.
Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық. Ал, ұстаз үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс.
Балаларға дұрыс үлгі көрсету ұстаздың басты міндеттерінің бірі. Сыйлық беруді міндет деп санау – жас ұрпаққа теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Оның орнына, ұстаздарды құрметтеуді басқа жолмен көрсетуді үйретуіміз қажет.
Мектеп әкімшілігінің өздеріңізге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын.
Құрметпен, №68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Пржанова Гүлнұр Аскербекқызы