19
наурыз
2026
«Кітап оқитын педагог»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында педагогтердің кәсіби және рухани дамуын қолдау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқитын педагог» атты мектепішілік байқау өткізілді. Байқауға белсенді, ізденімпаз ұстаздар қатысып, өздерінің оқыған кітаптары бойынша 45 тапсырмадан тұратын тест тапсырмаларын орындап шықты.







