18
қаңтар
2023
«Тері жұқпалы ауруларынан сақ болыңыз!», «Салауатты өмір салтын сақтау», «Оқушылардың дұрыс тамақтануы» тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
№5 қалалық емханасының ВОП дәрігері А.М.Демисинова мен СӨСҚ дәрігері Г.А.Албаевалардың қатысуымен мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларына «Тері жұқпалы ауруларынан сақ болыңыз!», «Салауатты өмір салтын сақтау», «Оқушылардың дұрыс тамақтануы» тақырыптарында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шарада дәрігерлер оқушыларға тері жұқпалы ауруларының белгілері, алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары, зиянды әдеттерден арылу, дұрыс тамақтану бойынша кеңінен түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.



