04
наурыз
2023
"БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН-АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсантағы №506 бұйрығымен білім беру ұйымдарында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі жоспарға сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Буллингтің алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың, баланы жәбірлеу(буллинг), баланы қорқыту, кемсіту, келемеждеу, қорлау сияқты заңға қайшы әрекеттердің алдын-алу.




