Ақпарат » Страница 28 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АЛҒЫС - ІЗГІ НИЕТ"
14
наурыз
2025
"АЛҒЫС - ІЗГІ НИЕТ"
   Мектебіміздің 8«В», 7«Б», 6«Г» сыныптары «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.     Мақсаты: білім алушылардың сыйластық құндылықтарын, ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға алғыс айту мәдениеті, оның маңыздылығы мен жастардың өмірінде алғыс пен сыйластықтың рөлін түсіндіру. 
14 НАУРЫЗ КӨРІСУ (АМАЛ МЕРЕКЕСІ) КҮНІ
13
наурыз
2025
14 НАУРЫЗ КӨРІСУ (АМАЛ МЕРЕКЕСІ) КҮНІ
     2025 жылдың 13 наурыз күні "Аманат" партиясы Еңбекші аудандық филиалының "Береке" Бастауыш партия ұйымының  ұйымдастыруымен Азат елдімекенінің тұрғындары және ұстаздарының  арасында көрісу күні (амал мерекесі) өткізілді. Көрісу күнінде ауыл тұрғындары мен ұстаздары салт-дәстүрге сай ұлттық киімдерін киіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілек тіледі.
КӘСІПТІК БАҒДАР
13
наурыз
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР
     2024-2025 оқу жылының кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес, Қазақстан аумағында орналасқан ЖОО-мен екі жақты қарым-қатынас орнату мақсатында, мектебімізге Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау Академиясының Жас құтқарушысы Умбетали Еркебұлан келіп, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.      Кездесу барысында, өз мамандықтарын   таңдау форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді. Осындай шаралардың өткізілуі түлектер үшін өте
Әскери- техникалық мектеп
13
наурыз
2025
Әскери- техникалық мектеп
Қорғаныс министрлігі қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу, Қарулы Күштерінің офицерлері мен сержанттарын даярлау мақсатында әскери оқу орындарында білім алу үшін еліміздің жастарын шақырады.
“PISA - ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА ҚОБАЛЖУДЫҢ АЛДЫН АЛУ”
12
наурыз
2025
“PISA - ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА ҚОБАЛЖУДЫҢ АЛДЫН АЛУ”
     Мектеп директоры Гүлнұр Пржанова мен педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова “Pisa - ға дайындық барысындағы қобалжудың алдын алу” тақырыбында мектептің 15 жастағы оқушыларына және жауапты пән мұғалімдеріне психологиялық тренинг өткізді.       Мақсаты: оқушыларға “Pisa-2025” сынағы туралы түсіндірме беру және қобалжудың алдын алу.       Тренинг барысында мектеп директоры Г.Пржанова жалпы “Pisa-2025” сынағы туралы толық мағлұмат беріп өтті, бұл сынақ не үшін алынып жатыр және неге 15 жастағы
"АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
11
наурыз
2025
"АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
    1"А" сынып жетекшісі Г.Ж.Абуова  оқушыларымен "АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: білім алушыларға ананың бала өміріндегі маңызын түсіндіру, ананың еңбегін бағалап, құрмет көрсету, анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.      Тәрбие сағаты барысында білім алушылар ана, әже, апа, ұстаз туралы өлең шумақтарын оқыды. Бір топ оқушылар "МАМА" әнін орындап, хормен "Анашым, анажаным" әнін аналарына тарту етті.         
"БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ"
06
наурыз
2025
"БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ"
     Оқушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру, олардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында,  мектебімізге Кәсіпкерлік және серіктестік орталығының бас маманы Нұрымов Ақтөре Қалдыбекұлы келіп, «Болашақ мамандықты дұрыс таңдау және талдау» тақырыбында кездесу өткізді. 
"ГАРРИ ПОТТЕР МЕН ШАЛАҚАН ХАНЗАДА"
06
наурыз
2025
"ГАРРИ ПОТТЕР МЕН ШАЛАҚАН ХАНЗАДА"
     Оқушылардың әлемдік әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында,  5"Ә" сынып жетекшісі Мусаева Ақмарал Зиябекқызы сыныбымен "ГАРРИ ПОТТЕР мен Шалақан ханзада" атты шығармасын оқу арқылы "Оқуға құштар мектеп" өткізді. Бұл іс-шара өсіп келе жатқан ұрпақтың әлем әдебиетімен сусындап, таным шекарасын ұлғайтуда ауқымды стратегия.     
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына және ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
06
наурыз
2025
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына және
Шымкент қаласының білім басқармасы басқармасының 16.03.2025ж №10-07-07/1393 хаты негізінде Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты, қала аумағында кешкі уақытта жасөспірімдердің  көшеде жүруіне, жарамазан айтуына қатысты бақылау күшейтілетінін және Шымкент қаласының Полиция департаменті арнайы профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, кешкі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік айыппұл салатынын ескерту мақсатында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің
"ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 
05
наурыз
2025
"ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ
     Еңбекші ауданы санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының талабы бойынша  «24-наурыз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» күніне орай мектебіміздің медбикелері Ж.А.Юсупбаева мен С.Т.Оспановалар 2-11 сынып оқушыларына «Туберкулез жұқпалы  ауруының алдын алу» тақырыбында   түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, диктанттар алды.