“СЫРЛАСАЙЫҚ, СЫРҒАЛЫМ” » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
наурыз
2024

“СЫРЛАСАЙЫҚ, СЫРҒАЛЫМ”

“СЫРЛАСАЙЫҚ, СЫРҒАЛЫМ” АТТЫ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, мектебіміздің 9-10 сынып қыздары мен жеңгелері арасында «Сырласайық, сырғалым» атты байқау өткізілді. Мақсаты: жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Байқау 4 кезеңнен құрылды.
1. Таныстыру (жеңге қайынсіңлісін, қайынсіңлі жеңгесін)
2. «Мен де жұлдыз бола аламын» Өз өнерін көрсету
3. Тату үйдің тамағы тәтті (тағам дайындау үлгісін көрсету)
4. Киелі сөзді келін де айтады ( жағдаяттық сұрақтар)
Сайыс нәтижесінде:
І орын  9 «Ә» сынып оқушысы Әмірбай Балауса, жеңгесі Сүйенбай Эльмира;
ІІ орын 10 «Ә» сынып оқушысы Оңласын Аяулым, жеңгесі Қадыр Ақжүніс;
ІІІ орын 10 «Б» сынып оқушысы Бекжанова Ақниет, жеңгесі Исабекова Мөлдір;
ІV орын 9 «Б» сынып оқушысы Жұмарт Айткүн, жеңгесі Калибекова Бану.
 Жүлделі орын иеленген қыздарымыз марапатталып,  сайысқа белсене қатысып, қайынсіңлісіне қолдау білідргені үшін жеңгелерге алғыс хаттар табысталды.















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив