16
қазан
2024
ПРОКУРОР САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
ПРОКУРОР САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 қыркүйегінде «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбындағы айлық науқан іс-шара жоспары шеңберінде құқық бұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында, Прокурор сағаты өткізілді. Аталған кездесуде@ Еңбекші ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әбдібай Дәулет Зиядинханұлы және мектеп инспекторы аға лейтенант Б.Сапарбек 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Прокурор сағатында аға прокурор Дәулет Зиядинханұлы оқушыларға құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллингтің, есірткіге тәуелділік, лудомания мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдары түсіндіріліп, құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған жағдайда 14 жастан бастап заң алдында жазаға тартыландығы туралы айтылды.
Кездесу барысында білім алушыларға есірткінің зияны мен зардаптары туралы нақты айтылып, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.