Мектебімізде 27.01 -31.01 күндер аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз !" атты апталығы өтті.
Мектебімізде 27.01 -31.01 күндер аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз !" атты апталығы өтті. Апталық барысында бірлестік мұғалімдері сабақтарында биылғы мерейтой иелері мен ұлтымыздың ұлы тұлғалары Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр Әл - Фарабидің өмірі мен шығармаларынан үзінділер келтіріп өтті. Апталықта ашық сабақтарды Ж.Жунисова "Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мекені" тақырыбында 8 "Ә" сыныбында бастап, Ж.Артықбаева 6 "А" сыныбында "Сулы жер - нұрлы жер", Н.Шанетовалар 7 "Ә" сыныбында жалғастырды. Ал келесі күні А.Жанысбекова 9 "А" сыныбында "Қазақстандағы отбасы күні" Н.Бейсенбекова 5 "В" сыныбында "Менің атым Қожа", Ж.Абибулла 6 "Б" сыныбында "Жер судың аты - жердің хаты ", Ж.Қалмұрзаева 10 "Ә" сыныбында "Көшпелі алтын", Ә.Кенжеғұлов7 "А" сыныбында "Қазақстан халқы Ассамблеясы", А.Абилдаева 5 "Г" сыныбында "Бағдаршам" тақырыбында ашық сабақтар көрсетті.













